Меню KDT

Новости

Тәуелсіздік – халық мұраты

   Тәуелсіздік  күні  еліміздің  барлық  азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке  екенің  білеміз,  себебі осы  қуанышқа  ата- бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандап күтумен  өтті.  Отаншылдыққа, туған  жерге, елге деген патриоттық  сезімін  арттыруға, туған  жерінің  байлығы  мен  жетістікте мақтаныш ете білуге өз елінің тарихын, оның жарқын беттерін зерделерінде тоқи білуге  баулу мақсатымен 21 қараша күні Кеңащы негізгі мектебінде «Ұлы дала елі -25 жұлдызды сәт»  акциясы бастау алды. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл «Елу жылда ел жаңа демекші» өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.

   Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен теңдіктің таңы  атып, қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігіміздің ту етіп желбіреткен мерекеміз құтты болсын.



Просмотров: 220

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда13
  • Осы аптада6
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки