Меню KDT

Ата-аналарға

  1. 2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы
  1. ҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.
  1. Қорытынды аттестаттау - мектеп түлектері 4 міндетті,  1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
  • шамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің оқу орнында өтеді;
  • Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;
  • Қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегі  таңдалған мамандыққа әсер етпейді.
  1. Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
  • осы жылғы мектеп бітірушілері;
  • қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
  • республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
  • «Алтын белгіге» үміткерлер;
  •  жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
  • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
  • халықаралық мектеп бітірушілері.

2.ҰБТ - ның  мерзімі мен ұзақтығы

  1. Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.
  • Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін;
  • Тестілеу 20 маусым 1 шілде аралығында;  
  • ҰБТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00 (жергілікті уақыт бойынша);
  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин
  • Тестіленушіге дәлелді себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  1. Тестілеу кезінде тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  алдын алу мақсатында   жүзеге асырылады:
  • Жарылғыш құрылғылардың бар жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;
  • Тестілеуге кіру барысында  металіздегіштермен тексеру;

x  Тестілеу барысында ҰБТ-ның  ашықтығын және объективтілігін сақтау мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.

4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау

  1. Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:
  • ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
  • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kzсайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.

5. Апелляция

  1. Тестілеу нәтижелері бойынша келіспеушілік болғанда   тестіленушінің өзі келесі күнгі сағат 13:00  дейін ҰБТӨП – де аппелляциялық комиссияға бере алады.
  2. Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.

6Сертификат

  1. ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.
  2. Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
  3. Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.

7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан

  1. Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
  2. Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  3. Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау  оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады
  4. Шығармашылық емтиханның мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
  • Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша баллдар ескеріледі.

  1. Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.
  2. Шығармашылық емтихан ескергендегі  максималды балл – 120.
  3. Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу)  ЖОО орнында өткізіледі.
  4. Арнаулы емтиханның мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  • Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
  • Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.

8.Жоғары оқу орындарына түсушілер

x ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау  келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттары) орналастыру арқылы;
  • азаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер есебінен.
  • Білім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ

сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:

  • нақты мамандындағы;
  • тіл бөліміне қарай;
  • оқыту түріне қарай;

x жоо  оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау конкурсына қатысу үшін тапсырады:

  • арнайы белгіленген бланктегі;
  • білімі жайлы құжат (түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 2 фотосурет (көлемі 3х4);
  • 086-У нысандағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлік (көшірмесі).
  1.  Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштерді  қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.
  2.  Конкурста ҰБТ пәндерінің 1 және 2 блок  бөлімдері, шығармашылық мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және  оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.
  3. Конкурс нәтижесінде білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.
  4. Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында  («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.

9.ЖОО – на түсудің икемді шарттары

  1. ҰБТ – ны қайта тапсыру арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.
  2. Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны  қайта тапсыра алады.
  3. ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;
  • Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында өткізіледі.
  1. ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта тапсыра алады.
  2. ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;
  • Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.

10.Білім беру кредиті

  1. Білім беру кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
  2. Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
  3. Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
  4. Білім беру кредитін алу үшін:
  • 1.қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
  • 2.қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
  • 3.қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.
  1. Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
  • жеке куәлік;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  • ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • білім алу  шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
  • қарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
  1. Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
  • Жеке куәлік
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  • Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
  • Жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;
  • Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

 

Білім беру кредиті туралы толық ақпаратwww.fincenter.kz сайтында

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц17
  • За неделю7
  • Вчера3
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки